Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"22 наурызда 6 рейспен келген 596 адам оқшауланды. Олар Дубай, Токио, Минск, Мәскеу, Лондон мен Ыстанбұлдан ұшып келді. Жолаушылардың 97 проценті, яғни 577 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Сол жерде коронавирусқа зертханалық зерттеу жасалады. Соның нәтижесінде үй жағдайында карантинге ауыстыру шешімі қабылданады. Ал коронавирус анықталса, бірден инфекциялық стационарға жатқызылады", — деді Қисықова онлайн брифингте.
Оның айтуынша, 12 жолаушы бірден провизорлық стационарға жатқызылды. Себебі коронавирустың қаупі жоғары мемлекеттерден келген. Бұдан бөлек, елшіліктерде істейтін 7 қызметкер үй жағдайында бақылауға алынды. Бүгін олар сынама тапсырады.