Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды

Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты – депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесін ұстады.

  • 27 Қараша 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлауға жәрдем берді деген күдікке ілінді, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.


Соңғы жаңалықтар