Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды

  • 26 Наурыз 2019
  • 197
Фото - Caravan.kz

Елордада екі жолаушылар автобусына үшіншісі соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл қала маңындағы бағдар, екі автобусқа үшіншісі келіп соғылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер бар екендігі туралы мәлімет келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша мерт болған адамдар да бар», — деп жауап қайырды ресми сауалға «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Елорда полициясы көз жұмған адамдар туралы ақпаратты растады.


«Үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 303-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар