Нұр-Сұлтанда күніне 100 шенеунік коронавирус жұқтыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда күніне 100 шенеунік коронавирус жұқтыруда

Нұр-Сұлтанда күніне 100 шенеунік коронавирус жұқтыруда

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша «сары» аймақта тұр.

  • 4 Тамыз 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz


Мәселен, бұрын коронавируспен ішінара оншақты ғана шенеунік ауырса, қазір күніне 100 мемлекеттік қызметкерден вирус табылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз Президент іс басқармасының денсаулық сақтау мекемесінен, яғни, мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығын тексеретін мекемеден статистика алып отырамыз. Сол статистика сәйкес, бұрын Нұр-Сұлтанда шамамен 10 мемлекеттік қызметкер вирус жұқтырса, қазір күніне 100 мемлекеттік қызметкер вирус жұқтырып жатыр», — деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 3 тамызда Қазақстанда 2 792 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест нәтижесі арқылы расталды. Аурудың таралу қарқыны Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағанды облысында жоғары. Жалпы, Қазақстанда инфекция жұқтырғандар саны пандемия басталғалы бері 1 360 068 адамды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар