Нұр-Сұлтанда полиция мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда полиция мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты (видео)

Нұр-Сұлтанда полиция мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты (видео)

Нұр-Сұлтанда полицейлер ескертуді елемей, қашып кетпек болған мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты.

  • 8 Сәуiр 2022
  • 66
Фото - Caravan.kz

Ведомстводағылар қызметтік тапаншаны қолдану кезінде ешкімнің жарақат алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тәуелсіздік даңғылында полицейлер 7 сәуір күні мемлекеттік нөмірі жоқ әрі жол жүру ережесін өрескел бұзған Citroen көлігін байқады. Қызметкерлер автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда көлік жүргізушісі азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жылдамдықты үдете түскен", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жүргізуші көлікті тоқтату туралы талапты орындамай, қозғалысын жалғастырған.

"Тілендиев көшесінде автокөліктің жолын патруль көлігімен жапқан. Алайда жүргізуші полиция көлігін соғып, кетуге тырысты. Жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін полицейлер табельді қарумен көліктің дөңгелегіне оқ атты", – делінген хабарламада.


21 жастағы көлік жүргізушісі қолға түскен. Сараптама нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты 19 әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен қатар 20 тәулікке қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар