Нұр-Сұлтанда түнде карантин тәртібін бұзған 65 адам түнгі клубтан полицияға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда түнде карантин тәртібін бұзған 65 адам түнгі клубтан полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда түнде карантин тәртібін бұзған 65 адам түнгі клубтан полицияға жеткізілді

Ойын-сауық мекемесінде айыппұл салынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

  • 27 Қыркүйек 2020
  • 7
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары «Аура» түнгі клубынан түнде тыныштықты бұзып, кальян тұтынған 65 адамды полицияға жеткізді. Карантинді бұзғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелері айыппұл төлейді.

«26 қыркүйек күні сағат 01: 33-те «102» пультіне белгісіз адамдардан бірнеше рет телефон хабарламалары келіп түсті. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі, 2 т.ж., «Аура» түнгі клубында жастар шу шығарып, тыныштықты бұзғанына шағымданды. Бұл фактіні тексеруге 10 учаскелік полиция инспекторы, 25 жедел әрекет ету жасағы, 8 «Ұшқын» экипажы — 16 инспектор, Есіл ауданының полиция басқармасының жедел тергеу тобы қатысты. Тексеру кезінде жедел тергеу тобы бұл бұзушылықты фото және видео жазба арқылы тіркеді. Түнде тыныштықты, сондай-ақ карантин режимін бұзғаны үшін 65 азамат полицияға жеткізілді», — деп хабарлады Есіл аудандық полиция басқармасы.

Тәртіп бұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама жасалды, оның 63-і түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны, екеуі кальян шеккені үшін. Сондай-ақ «Ұшқын» экипаждары мас күйінде көлік жүргізудің төрт фактісін және автокөлікті құжатсыз жүргізудің бір фактісін анықтады.

«Аура» түнгі клубының әкімшілігіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айып тағылды. «Аура» түнгі клубына, ЖК «Алания» директоры Усманова Динара Ерболатқызына қатысты жиналған материалды заңды процедуралық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.


Айта кету керек, бұған дейін түнгі клубтың иесіне карантин режимін бұзғаны үшін алты рет айыппұл салынған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар