Бұл туралы Елорда әкімі Алтай Көлгінов instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Ауа-райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды.
Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз.
Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады.
Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады", — деп жазды әкім.