Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт сөндіру бөліміне 10 наурыз күні сағат 14:57-де Сығанақ көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп, олар «Абу-Даби Плаза» ғимаратының бірінші қабатындағы желдеткіш камераның өртеніп жатқанын анықтады.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер барғанға дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетімен эвакуацияланды. Өрт 15:24-те сөндірілді.Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 16 техникасы мен мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр.