Арай Әлімхан – отандық телеарналарда жұмыс істеген журналист. Бұл күнде екі бала тәрбиелеп отыр. Декреттік демалысын пайдаланып, әлеуметтік желіде өте белсенді. Отбасылық қарым-қатынасы, ана мен бала, әйелдер тақырыбында пост жазып тұрады.
Ол байқауға қатысуға ұзақ ойланған. Себебі, өзінің айтуынша, "Біріншіден, бір елді таныстыру — үлкен жауапкершілік". Сонымен қатар, өзінің бойының аласа болуы да қорқыныш тудырған.