Банкирдің пікірінше, 90 жылдық тарихы бар Қазақстанның Халық банкі, Азиада алауын сақтаушы ретінде көп үміткерлердің арасынан, ең сенімді және филиалдар желісі көп, халықтың жоғары сеніміне ие банк ретінде таңдалып отыр.
«Біз осындай керемет жобаның ресми серіктесі атану құрметіне ие болып отырмыз. Ең басты оқиғалар бізді алда — спорттық ареналарда күтіп тұр деп ойлаймын. Жетінші қысқы Азиада ойындарының байрақты бәсекелерін ерекше ықыласпен қадағалайтын боламыз», — деп атап көрсетті Н.Үсіпов.