"Нығматуллин зауытындағы кісі өлімі": Министрлік оқиғаға қатысты тағы бір былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нығматуллин зауытындағы кісі өлімі": Министрлік оқиғаға қатысты тағы бір былықтың бетін ашты

"Нығматуллин зауытындағы кісі өлімі": Министрлік оқиғаға қатысты тағы бір былықтың бетін ашты

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің сыңары – мәжіліс пен сенаттың бұрынғы депутаты Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауыты екі сағат бойы төтенше жағдайлар қызметіне хабар бермей, құтқарушыларды кіргізуден бас тартқан. 

  • 30 Шiлде
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықбаев бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

«Төтенше жағдай таңғы 4:10-да болды, бірақ хабарлама бізге екі сағаттан кейін, яғни 6.08-де келді. Азаматтық қорғау туралы республикалық заңнамаға сәйкес, бұған жол беруге болмайды және бұл үшін заң бойынша жауапкершілікке тартылады», – деді Сыздықбаев үкімет брифингінде.

Осы бойынша 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл салынды, сондай-ақ қазір іс сотта. Сыздықбаев зауыт өз аумағына құтқарушыларды кіргізбегенін растады.

«Учаскеде өздерінің құтқару бөлімшелері бар және олар өз беттерімен өртті өшіретіндеріне сенімді болған. Бірақ мұнда шақырту келіп түскендіктен, біздің құтқарушылар келді, сол үшін оларды кіргізуі керек еді», – деді вице-министр.

Сыздықбаевтың сөзінше, құтқарушыларды кіргізбей қоюға ешкімнің құқығы жоқ.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Кейінгі үш күнде зардап шеккен 8 қызметкердің төртеуі ауруханада көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.