Нью-Йорк билігі қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорк билігі қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады

Нью-Йорк билігі қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады

Дүйсенбі күні «Сэнди» дауылының жақындауына байланысты Нью-Йоркте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды батыстың бұқаралық ақпарат құралдары.

  • 29 Қазан 2012
  • 366
Фото - Caravan.kz

Билік орындарының мұндай шешім қабылдауына алапат дауылдан кейін су тасып, қалаға айтарлықтай залал келуі мүмкін деген болжамдар түрткі болған.

Нью-Йорктегі компаниялардың басым бөлігі жұмысын тоқтатуды жоспарлап отыр.
Синоптиктердің болжамынша, «Сэнди» дауылы АҚШ-тың солтүстік-шығысына дүйсенбі күні құлайды. Дауылдың ортасында желдің қуаты сағатына 120 шақырымға жетеді. Батыстан келе жатқан циклон оны одан әрі үдете түсуі мүмкін, дейді мамандар.
Нью-Йорк, Пенсильвания, Вирджиния штаттары мен Колумбия округінде ТЖ жарияланды. Табиғаттың тосын мінезінен 60 миллионға жуық адам зардап шегуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар