Нью-Йоркте 110-шы рет Санта-Клаустар шеруі өтті
![]() |
Нью-Йорк қаласының басты туристік көшесі Манхэттенде Санта-Клаустардың жыл сайынғы шеруі өтті. |
Оған «қыс сиқыршысының» киімін киген мыңнан астам адам қатысты. 1902 жылдан бастап Нью-Йоркте бұл мерекені атап өту дәстүрге айналды. Ол АҚШ-тың ірі мегаполисінің кедей тұрғындары үшін қайырымдылық акциясымен атап өтіледі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Акцияны «Американың еріктілері» қауымдастығы өткізеді. Санта-Клаустың киімін киген адамдар бернеше сағат бойы қайырымдылық қаражаттарын жинап, қаланың көшелерін аралайды, нью-йорктықтар мен туристердің көңілін көтереді. Жиналған қаражат тамақ алатын талондарға жұмасалып, олар Нью-Йорктың кедей отбасылары мен баспанасы жоқ адамдарға таратылатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін