Нью-Йоркте Головкин мен Гилдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте Головкин мен Гилдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

Нью-Йоркте Головкин мен Гилдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

Нью-Йоркте 26 шілдеге жоспарланған жекпе-жек алдында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады sk-sport.kz.

  • 9 Маусым 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Австралиялық боксшының промоутері Гэри Шоу тамаша ұрыс болатынына уәде берді және Дэниэл қалыпты, ол Геннадийдан қорықпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Головкинді, оның нокауттарын құрметтейтінін айтты, оның айтуынша, Головкин ешқашан бос сөйлемейді және кез келген үміткермен кез келген уақытта сайысқа дайын.

«Бұл мен үшін тамаша жекпе-жек және менің мансабымдағы маңызды кезең. Өткен жылы Баркермен ұрыста қателік жібердім. Бірақ та мен залға келіп, тынбастан жаттықтым. Менің уақытым келді деп ойлаймын. Бұл кешті асыға күтемін», — деді Дэниэл Гил.

«Мен Дэниэлді білемін, ол тамаша боксшы екенін білемін. Менің есімде, оның көптеген ұрыстарын көрдім. 26 шілдеде Madison Square Garden-де тамаша шоу болады деп ойлаймын», — деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, 2001 жылы Головкин Гилмен әуесқой рингте кездесіп, сонда жеңіске жеткен болатын.  


В Нью-Йорке прошла пресс-конференция с участием Головкина и Гила В Нью-Йорке прошла пресс-конференция с участием Головкина и Гила  
В Нью-Йорке прошла пресс-конференция с участием Головкина и Гила

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера