Нью-Йорктегі теракт: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорктегі теракт: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Нью-Йорктегі теракт: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ адамды басып кетті. ҚР СІМ Ресми өкілі Əнуар Жайнақовтың мəліметінше, аталған төтенше жағд

  • 1 Қараша 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ адамды басып кетті. ҚР СІМ Ресми өкілі Əнуар Жайнақовтың мəліметінше, аталған төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы уақытқа дейін бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншіні басып кетуінің салдарынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — деді Əнуар Жайнақов.


Ресми өкілдің мəліметінше, қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетсек, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Нью-Йорк қаласында жүк көлігін тізгіндеген өзбек азаматы бір топ жаяу жүргіншіні басып кетті. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 12 адам жарақаттанды. Атап өтсек, бұл теракт Хеллуин мерекесі кезінде жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар