Ө. Шөкеев «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша алғашқы болып орналастырылатын «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ө. Шөкеев «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша алғашқы болып орналастырылатын «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасын жариялады

Ө. Шөкеев «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша алғашқы болып орналастырылатын «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасын жариялады

Бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша акциялар қор нарығына алғашқы болып шығатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құнды қағаздарының бағасын жариялады.

  • 30 Қазан 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында акциялары орналастырылатын алғашқы компания болатындығы жөнінде шешім шығарылды. 1 жылдан астам уақытта компания кеңесшілер командасымен акцияны орналастыруға дайындық жүргізді»,-деп тоқталды Ө. Шөкеев.

«Кеше, 29 қазанда бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қордың директорлар кеңесінің отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының құны, көлемі және орналстыру құрылымы бекітілді. Компанияның қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңгені құрайды»,-деп атап өтті қор басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, акция құны халықаралық UBS және «Қазкоммерц» «Секьюритиз» халықаралық компанияларының ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылды. Олар компанияның құнын толығымен бағалап шыққан көрінеді.

Кеңесшілердің қорытынды есебіне сәйкес «ҚазТрансОйл» акционерлік капиталының 100 пайыздық құнын 18 пайыздық дисконтты пайдаланғаннан кейін 250 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ Ө.Шөкеев құнды қағаздарды орналастыруға болатын барынша көлем 28 млрд. теңгені немесе 186 млн. долларды құрайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар