ОА мемлекеттерінде жыл сайын 1 миллионнан астам адам еңбек құлдығына түсу қаупіне ұшырайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОА мемлекеттерінде жыл сайын 1 миллионнан астам адам еңбек құлдығына түсу қаупіне ұшырайды

ОА мемлекеттерінде жыл сайын 1 миллионнан астам адам еңбек құлдығына түсу қаупіне ұшырайды

Орта Азия мемлекеттерінде жыл сайын 1 миллионнан астам адам еңбек құлдығына түсу қаупіне ұшырайды, деп Қырғызстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ)басшысы Бермет Молдабаева мәлім етті, деп ҚырТАГ хабарлады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

«КХҰ жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша, Орта Азия мемлекеттерінде 1 млн-нан астам адам жыл сайын адам саудасының құрбаны болу қаупіне ұшырайды екен. Біздің мониторингі қорытындысынша Қырғызстанда 60 мыңнан астам адам еңбек құлдығына түсуі ықтимал», — деді ол бейсенбі күні адам саудасына қарсы күрес бойынша 2012-2015- жылдарға арналған ұлттық іс-шара дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында.

«Бұрындары қауіп төнетін топта негізінен әйелдер болатын болса, қазір жыл сайын құлдыққа тартылатын топта ерлердің саны артып келеді. Бүгіндері еңбек құлдығына тартылған азаматтардың 70%-ы ер азаматтар. Бұл ретте соңғы кездері бір мемлекет ішіндегі адам саудасы белең алып келеді», — деп жалғастырды Б. Молдабаева.

Ұйымның бағдарламалық көмекшісі Жанна Салиеваның айтуынша, 2010 жылы КХҰ 266 қырғызстандыққа көмек көрсетті. Олардың 120-сы Қазақстан, Түркия, Араб Әмірлігінен қайтарылды. Ел ішінде еңбек құлдығында болған 20 азамат үйлеріне босатылды.

«Егер еңбек құлдығына түскендер Ресей, Қазақстанда болатын болса, жыныстық құлдыққа түскендер Түркия мен Араб Әмірлігінде екен», — деді Ж. Салиева.

Оның айтуынша, қылмыскерлер көбіне адамдарды «жеңіл ақша табасың», деп уәде беріп, тартады екен. Бұл ретте құрбандарды ол фирманың жұмысқа тарту лицензиясының бар-жоқтығы қызықтырмайды.

«Шынымен де қырғызстандықтарды шетелдерде жұмысқа орналастыра алатын фирмалардың саны 20-дай. Басқаларының лицензиялары жоқ. Өкінішке қарай ондай алаяқтардың саны жыл сайын артып келеді. Себебі ол өте тиімді бизнес. Бірақ олар әдетте жазадан құтылып кетеді, немесе айыппұл салынады», — деп тұжырымдады Ж. Салиева.

Соңғы жаңалықтар