Бұл туралы блогер Самат Нұртаза жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Украинада Саратов облысының тумасы тағы бір этникалық қазақ қайтыс болды. Бұл гвардия сержанты Нұрылбек Бөгетаев. Ол парашютті-десанттар ротасының жауынгерлік машинасының командирі болды", деп жазды.
Сондай-ақ желіде қазаққа ұқсас тағы бір адамның көзі жойылғаны жайында мақала пайда болды.
news.obozretvatel.com сайты "Украинада Ресей окупанттарының арнайы бөлім командиры Азамат Алиновтың көзі жойылды. Ол Омбыдан болатын" деген тақырыппен мақала жариялады. Оны да көпшілік қазақ деп топшылады.
Оқырмандар аталған жағдайды "негізсіз майданда мағынасыз мерт болған қандастардың оқиғасы" деп бағалады.
"Ылғи командирлер екен, әттең осылар өз әскерімізде қызмет еткенде ғой", "Меніңше орыстар алғы шепке Ресейдегі саны аз ұлттарды қасақана жіберіп жатқан сияқты" , "Егер Украинаға қарумен барған болса онда қазақ емес", "Оның басқа амалы болмады, себебі ол Ресейде тұрады, бір сөзбен айтқанда тәуелді", "Аянышты, өзге жерде жүріп, өзгелер үшін жан тапсыру қандай қиын", деген мағынадағы пікірлер жазды.
Еске салсақ, Ресей Украина жеріндегі әрекеттерін байланысты "арнайы әскери шара" өткізіп жатырмыз деп мәлімдеді. Бүгін оның басталғанына 29 күн болды.