«Обама ма, әлде Ромни ме?» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Обама ма, әлде Ромни ме?» - республикалық басылымдарға шолу

«Обама ма, әлде Ромни ме?» - республикалық басылымдарға шолу

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық ак­тілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жо­ба­сының таныстырылымын өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мемлекеттiк қызмет iстерi агент­тiгiнiң төрағасы Әлихан Бәй­менов заң жобасы бойынша баяндама жасады. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2011 жылғы шілде айында бекіткен Мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделі тұжы­рым­дама­сын жүзеге асыру және нақты тап­сыр­маларын орындау мақса­тын­да әзірленген. Агенттік төр­аға­сы бұл заңның Елбасы Н.­Ә.На­зар­баевтың «Қазақстанның әлеу­­мет­тік жаң­ғыр­ты­луы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ғамына қарай 20 қадам» атты бағ­дарламалық мақаласында көрсе­тіл­ген міндеттерге сәйкес­ті­гін атап өтті. Себебі, меритократия қағидат­та­рын күшейту әлеу­меттік жаңғыр­ту құралдарының бірі болып табылады. Заң жобасының негізгі басым­дықтары:

  • 7 Қараша 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

— кадрларды іріктеу мен жо­ға­рылату кезінде меритократия қағи­датын күшейту;

— «А» басқарушылық корпу­сын құру,
— персоналды басқару инс­ти­тут­тары мен механизмдерін жетілдіру;
— кадр қызметінің рөлін арт­тыру;
— тәртіптік және этикалық ба­қылауды күшейту.

Заң жобасы тұрғысында көтерілген осы және өзге де мәселелер «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі» деген тақырыппен жарық көрді.

«Газет оқырмандар қолына тигенше, АҚШ-тағы президенттік сайлау да мәресіне жетіп үлгереді. Сайлауға бір күн қалғанда АҚШ президенті Барак Обама өзінің бәсекелесі, республикалық кандидат Митт Ромниден екі пункт озық тұрған болатын. Қолымыздағы соңғы мәліметтерге қа­рағанда, алғашқы ашылған сайлау учаске­лерінде іс басындағы президент Барак Обама жеңіске жеткен. Бірақ бұл демократтың аты барлық жерде бірдей озып келеді деген сөз емес. Сарапшылардың пайымдауларынша, осы жолғы сайлау бұрын-соңды бол­ма­ған текетіреспен өтсе, бір үміткер екінші­сін сәл ғана басымдықпен жеңетін болады»,-деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы «Обама ма, әлде Ромни ме?» деген тақырыппен жария етілген материалда.

***

«Алаш айнасы» газетінің «Ой-көкпар» айдарында Парламент қабырғасында қарша борайтын депутаттық сауалдарға қатысты «Депутаттық сауалдардың қадірін кетіріп алған жоқпыз ба?» деген мәселе көтерілген. Осы жайға байланысты саясаттанушы Айдос Сарым «ия» деп жауап берсе, ҚР Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл қарсы дәйектерін келтіреді.

Осы басылымдағы «Ақсақалдар алқасы қоғамдық институт ретінде неге қайта құрылмайды?» атты мақалада Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы осындай қоғамдық институтты мысалға ала отырып, ұлттық менталитетіміздің ажырамас бөлігі ретінде дәстүрімізге сай, ұрпақтар сабақтастығына ұластыратын ұлттық институтты заңдық тұрғыдан қалыптастыру керектігі сөз болған.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, елордадағы «Зодиак» ойын-сауық кешенінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің Кубогіне бильярдтан («Мәскеу пирамидасы»)турнир өтті. Турнирге 128 бильярдшы қатысқан көрінеді. Олардың ішінде шеберлер мен кәсіпқойлары да бар. Осы тартысты дода жайында білгіңіз келсе «Турнир на Кубок Ильи Ильина» атты материалды қараңыз.

Соңғы жаңалықтар