Обаның таралуына жол бермеу мақсатымен Маңғыстау облысында 130 адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обаның таралуына жол бермеу мақсатымен Маңғыстау облысында 130 адам ауруханаға жатқызылды

Обаның таралуына жол бермеу мақсатымен Маңғыстау облысында 130 адам ауруханаға жатқызылды

Эпидемияға қарсы алдын алу шараларының барысында оба дертінің таралуына жол бермеу мақсатымен Маңғыстау облысында 130 адам ауруханаға жатқызылды. Олар толыққанды дәрігерлік бақылауға алынып, Ақтаудағы жұқпалы ауруларға қарсы стационарға қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегі сенімді ақпарат көзінен мәлім болды.

  • 31 Шiлде 2003
  • 853
Фото - Caravan.kz

Департаменттегі ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, 185 кило түйе еті Ақтаудағы «Масат» базарының ет сататын бөлімінде сатылып кеткен. Павильон жұмысы 28-шілдеде тоқтатылып, дезинфекциялау шаралары жүргізілді. Етті сатуға қатысқан барлық павильон қызметкерлері айқындалып, ауруханаға жатқызылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында 24-шілдеде ауырған түйе сойылған. Сойысқа бұған дейін хабарланғанындай, 6 адам емес, 10 адам қатысқаны белгілі болды. Олардың үшеуі мал сойғаннан 4 күннен кейін тұрғылықты мекеніндегі емдеу мекемесіне көмекке жүгінген. Оларға обаның бездік түрі деген диагноз қойылды.
Қазір аймақта обаның халық арасында таралуына жол бермеу шаралары қолданылуда.
320 мың адам тұратын Маңғыстау облысының аумағы обаның табиғи ошағы саналады. 2002-жылы облыс аумағы бойынша 6800 шаршы шақырым алқапта обаның табиғи ошағы айқындалды. Кеміргіштер мен бүргеден оба микробының 141 штаммы алынды.
Биылғы жылы облыс аумағындағы эпизоотикалық зерттеулер барысында Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы кеміргіштер арасындағы оба ошағы болып табылатын 6 учаскені айқындаған. Індет ошағы жайлаған жалпы аумақ 600 шаршы шақырымды құрайды.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында кеміргіштер арасында обаның таралу жағдайын бейтараптандыру үшін Ақтау қаласы аумағы мен Маңғышлақ станциясына дейінгі аумақтағы құмдақшөптердегі кеміргіштер ініне дәрі-дәрмек шашуға 30 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар