Облыс әкімі: Жап-жас жігітсіңдер, ұйықтап жүресіңдер... - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс әкімі: Жап-жас жігітсіңдер, ұйықтап жүресіңдер...

Облыс әкімі: Жап-жас жігітсіңдер, ұйықтап жүресіңдер...

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жастармен жұмысқа жауапты қызметті басқарып жүрген басшыларды жинады.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде облыстық әкімдікте жастар мәселесі талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі aktobenews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жастармен жұмысқа жауапты қызметті басқарып жүрген басшыларды жинады. Құр есеп беруден құралған басқарма басшыларының баяндамасы әкімнің көңілінен шыққан жоқ. Жиында облыстың идеялогиясын басқарып отырған Бұлбұл Ораққызынан бастап спорт басқармасын басқарып жүрген Нұрлыбек Жүсіпов те әкімнен сөз естіді.

«Спорт нысандары неге кешкілік жабық тұрады? Мен жақында ғана аппараттың адамдарын тексеруге жібердім. Кешкілік, демалыс күндері спорт нысандары жабық тұрады. Қараңғы болып тұрған жерге бір адам бармайды. Сонда жастар қайда барады, біз ол нысандарды не үшін салып жатырмыз? Нұрлыбек, сен қай ауданда әкімнің орынбасары болып едің?», — деді Бердібек Сапарбаев «мұнша адам спортпен айналысады, мұншама спорт нысанын салдық» деп баяндамасын судыратып оқып тұрған спорт басқармасының басшысын тоқтатып.

«Ырғыз ауданында», — деді Нұрлыбек Жүсіпов.


«Бәрін «қатырып жатырмын» деп жауап беруге үйреніп қалғансың. Сені басқармаға қойғандағы талапты өзің білесің, соны жоюға жұмыс жасау керек емес пе, айналайын?! Жап-жас жігітсіңдер, ұйықтап жүресіңдер», — деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі спорт нысанын жастардың игілігіне тиісінше пайдалана алмай отырған Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Бауыржан Ердембековті де ұялтты.

Соңғы жаңалықтар