Облыстар мен аудан әкімдіктері жанында терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыстар мен аудан әкімдіктері жанында терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады

Облыстар мен аудан әкімдіктері жанында терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады

Облыстар мен аудан әкімдіктері жанында терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады.

  • 14 Қараша 2012
  • 315
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі күні терроризм көптеген елдер үшін өзекті проблемаға айналып барады.

«Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі таңда терроризм және экстремизммен күрес негізінде екі басты принцп жатыр. Оның біріншісі терроризмммен күреске кешенді қадам жасау. Ал екінші басты қағидат осынау әлеуметтік құбылыспен күресте алдын алатын, ескертетін, профилактикалық шаралар. Дәл осы екі қағидат талқыланып отырған заң жобасының негізгі өзегі болып табылады», — дейді Мәулен Әшімбаев.

Бұл ретте депутат барлық мемлекеттік органдардың терроризмммен күреске жұмылатынын атап өтті. «Егер бұл міндет бұған дейін тек қана құқық қороғау органдары жүйесінің құзырында болатын болса, жаңа заң жобасымен бірқатар мемлекеттік органдардың жауапкершілігі кеңейе түседі. Бұдан бөлек, қазіргі таңда әсіресе жергілікті өңірлерде ауқымды шараларды жүзеге асыру қажеттігі айқын сезіліп отырғаны белгілі. Соған қарай, заң жобасымен облыс, аудан әкімдіктері жанында арнайы терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады», — дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар