Облыстардың даму бюджеті республикалық бюджеттік комиссияның отырысында талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыстардың даму бюджеті республикалық бюджеттік комиссияның отырысында  талқыланады

Облыстардың даму бюджеті республикалық бюджеттік комиссияның отырысында талқыланады

Республикалық бюджеттік комиссияның қазандағы отырысында барлық облыстардың даму бюджетін талқылау жоспарланды. Бұл туралы бүгін, 2-қазанда өткен мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

  • 3 Қазан 2003
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл — «облыстардың даму бағдарламасындағы басымдықтарды ұдайы сақтай бермейтіндігімен тікелей байланысты» болмақ. Қ.Келімбетовтың айтуына қарағанда, мемлекет басшысының қатаң тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамыту және «ауыз су» жөніндегі бағдарламаларға бірінші кезекте басымдық берілуі тиіс.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов, қазан айының орта шенінде өтетін республикалық бюджеттік комиссияның отырысында «ұлттық компаниялардың таяу мерзімге арналған даму жоспарын » талқылау межеленгенін хабарлады. «Бұл бас қосуда ұлттық компаниялардың құрылымын оңтайландыру мәселесіне баса назар аударылады»,- деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар