Облыстардың өзара апталығы жобасының қанатқақты нұсқасы іске қосылады
Алдағы жылдан бастап облыстардың өзара апталығы жобасының қанатқақты нұсқасы іске қосылады. |
Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның вице-министрі Асқар Бөрібаев мәлім етті.
«Келесі жылы облыстардың өзара апталығы жобасының қанатқақты нұсқасы іске қосылатын болады. Әкімдіктермен бірлесе отырып, өңірлердің аумақтық орналасуы ұстанымы бойынша оларды өткізу кестесі әзірленді. Яғни, мәдени алмасу көршілес облыстар арасында өтетін болады»,-деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, іс-шаралар бағдарламасында міндетті түрде концерт, көрме, театрлық қойылым қамтылады. «Бүгінгі таңда кесте келісу сатысынан өтіп жатыр. Барлық қаржылық және ұйымдастыру мәселелері пысықталу үстінде»,-деді А. Бөрібаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін