Office және Windows бағдарламаларының қазақша нұсқасы 2005-жылдың маусым айының басында Қазақстанға әкелінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Office және  Windows бағдарламаларының қазақша нұсқасы 2005-жылдың маусым айының басында Қазақстанға әкелінеді

Office және Windows бағдарламаларының қазақша нұсқасы 2005-жылдың маусым айының басында Қазақстанға әкелінеді

Office 2003 және Windows XP бағдарламаларының қазақша нұсқасы 2005-жылдың маусым айының басында Қазақстанға әкелінеді. Бұл туралы бүгін, 14-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Microsoft компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры Айдар Дәулетов хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2005
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен біз глоссарийге қатысты барлық проблемаларды шештік. Оған шамамен 4 мың термин қамтылды. Енді өнімді өндіріп, орап-шымқау мәселесі ғана қалып отыр»,- деді А.Дәулетов. «Дайын өнім Ирландиядағы біздің зауыттан Қазақстанға мамыр айының аяғында тиеліп жіберіледі»,- деді ол.

Office және Windows XP бағдарламаларының қазақша нұсқасын болашақ тұтынушылар туралы сөз қозғаған А.Дәулетов : «Microsoft компаниясы әзірге тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізген жоқ»,- деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші болып өнімді «үкімет, министрліктер және т.б. мекемелер» тұтынады.
Бұған дейін өнім 2004-жылдың күзінде дайын болады деп күтілген, алайда, қазақ тіліндегі терминдердің тізімі бекітілмеуге байланысты бағдарламалық қамтамасыздықты шығару мерзімі кейінге қалдырылды.
А.Дәулетовтың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыруға бірнеше жүздеген мың доллар инвестиция жұмсалмақшы.

Перейти к новостям спорта