"Оған жолама деп сол кезде айтқам": Танымал нумеролог Бишімбаевпен бірге айыпталып жатқан немере ағасына қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оған жолама деп сол кезде айтқам": Танымал нумеролог Бишімбаевпен бірге айыпталып жатқан немере ағасына қатысты бар шындықты айтты

"Оған жолама деп сол кезде айтқам": Танымал нумеролог Бишімбаевпен бірге айыпталып жатқан немере ағасына қатысты бар шындықты айтты

Танымал нумеролог Клара Күзденбаева Бишімбаевтардың ісіне қатысты өз ойын ортаға салды.

  • 10 Сәуiр
  • 396
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, Бақытжан Байжановпен ол осыдан бірнеше жыл бұрын кездескен екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Клара Күзденбаева өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қайырлы күн, достар! Негатив жазғым келмейді. Бірақ сіздер менен Қ. Бишімбаев туралы пост жазыңыз деп өтініп жатырсыздар…

Жерде шайтанның бағдарламасын орындайтын, зұлымдық бағдарламасымен дүниеге келген адамдар болады. Бишімбаев та сондай датада дүниеге келген. Бірақ оны мейірімде өсірсе, ол зұлымдық жолын емес, керісінше жақсылық жолын таңдайтын еді. Өкінішке орай, көргендеріңіздей, онымен мұндай болмаған. Ал, Салтанатта періштенің бағдарламасы, яғни, үш рет 5 саны келіп тұр. Ол өте ашық, нәзік, мейірімді, жомарт адам болған. Онда жер белгілері болмаған. Сөйтіп, зұлымдықтың жақсылықты жеңгенінің куәсі болып отырмыз. Осы шулы оқиғада мен бәрінен бұрын немере ағасына жаным ашып отыр. Ол маған Мәскеуге 2016 жылы келген болатын. Өзі ғана емес, әйелі және баласымен келген еді. Сол кезде Бишімбаев туралы сұраған болатын. Мен сол кезде оған Бишімбаевқа жоламауын айтқан едім. Сол кезде ол аутизммен ауыратын балаларға орталық ашқысы келіп жүрді. Себебі, оның баласы осындай диагнозбен туған екен.

Көргеніміздей, менің кеңесіме құлақ түрмеген болар. Қазір, міне сотталушы болып отыр. Таныс судьяларыма хабарласқан едім, бәрі бірауыздан соттың әділ өтетінінін айтып жатыр. Мен көріпкел емеспін, кім, қанша жылға сотталатын нақты айта алмаймын. Алайда, соттың әділ өтетініне сенемін. Салтанаттың ағасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Мен өзім де жар дегенде жалғыз ұлым Русланнан айырылған болатынмын. Оның да бағдарламасы тура Салтанаттыкы сияқты еді. Оған да қатарынан үш 5 пен жер белгілері түспеген еді. Тек бір ғана нәрсе айта аламын, о дүниеде олардың жағдайы бұл дүниедегіден жақсы. Керісінше, біз оларды қимай, жібере алмай отырмыз», — деп жазды ол.