Өгей әкесін өлтірген Ақмола облысының тұрғыны 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өгей әкесін өлтірген Ақмола облысының тұрғыны 10 жылға сотталды

Өгей әкесін өлтірген Ақмола облысының тұрғыны 10 жылға сотталды

Ақмола облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Г-ға  қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Сот анықтағандай, азамат Г. алкогольдік масаң күйде өгей әкесіне телевизордың басқа арнаға қоюын сұраған, оған өгей әкесі келісімін бермеген. Бас тартқан үшін ашуын білдірген азамат Г. өзінің өгей әкесінің кеудесіне пышақпен соққы берген. Нәтижесінде ол оқиға орнында қайтыс болған.

Сот үкімімен азамат Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне еңген жоқ.


Соңғы жаңалықтар