“Өгей ана. Үйде ұлы айқай болды": Абай Бегейдің қызы өгей анасы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өгей ана. Үйде ұлы айқай болды": Абай Бегейдің қызы өгей анасы туралы айтты

“Өгей ана. Үйде ұлы айқай болды": Абай Бегейдің қызы өгей анасы туралы айтты

Әнші Абай Бегей балаларын хабардар етпей, үйленіп алған. Балалары әлеуметтік желі арқылы ғана білген. 

  • 28 Ақпан
  • 1125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әншінің Сымбат есімді қызы оқырмандарының сұрауы бойынша өгей анасымен қалай танысқаны туралы жазды. 

"Апамен танысу посты

Көпшіліктің сұрауы бойынша бүгін апаммен таныстығымыз жайында жазғым келіп отыр.

Ең алғаш рет менің 10-шы туған күнімде кездестік. Әкем Алматы қаласына арнайы туған күнімді тойлау үшін ұшырып әкелді. “ШАХ” ресторанында, Аминок, папа, жақын апаларым, Жалғас, Айдос, Берік ағаларым болып бас қосып отырдық. Бір кезде апа Рахман деген ағаммен кіріп келді. Мен Рахман ағаның құрбысы шығааар деп ойладым. Қайдан білейін менің болашақ анам болатынын. Сонымен, әңгімеміз жарасып, күшті сөйлесіп кеттік. Алматыда бірнеше күн болып, Ақтауымызға қайттық. Бір күні сабақтан келіп Аминокпен есік алдына ойнауға шықсақ, сыртта барлығы бізге тесіле қарап бастады. Сомен қасқааа деп түсінбей жақын подружкама барсам, “сенің папаң үйленіп жатыр ма не?” деген ғо. Сенбей, и қой құрсын деп тұрсам, папаның достары инстаграмдарына салып, папа мен апаның төрде отқанын көрсетедіғо. Мәәәә, ана жақта тұрғандағы менің састояниемді жай сөзбен айтып жеткізе алмаймын…
Аминок екеуіміз үйге жүгіріп барып өөөөкіріп жыладық бөлмемізден шықпай… Мен 10 жаста, Аминок 8де, әлі бөпеміз. Бірақ соның өзінде маған “Ертеңгі күнің қалай болады?”, “Өгей ана”, “Анаңның орнын баса алмайды”, “Ұрса ше, соқса ше?” деген жаман ойлар келді… Келесі күні үйде ұлы айқай болды. Ерке папаға звондап, біраз ұрсысты. Бізбен еш ақылдаспады, айтпады • Папа ол кезде
стоматологта тісте жатқан екен. Ертең келемін, барлығын асықпай, бетпе-бет шешейік деді. Сомеен келесі күн келіп жетті. Аминокпен бір бөлмеде отырдық. Папа кіріп келіп, “ Қыздарым “ дегенде біз алшақтап, мүлдем жоламадық. ( Папа екі тізесіне отырғызып алып еркелететін ) Бөмеден шығып үлкендер болып кухняда сөйлесіп отырды.
Біз ол кезде Тоты апаммен бірге тұрдық (4 жыл бойы, анамның туған сіңілісі ) бізге қарасты әңгімелесті… Біз ештеңе естімедік… Бір кезде Тоты апаларым киімдерін жинап кетейін деп жатыр екен. Жүрегім тарс екіге жарылды сол

Әкем Алматыда жұмыс бабымен, бізді Бағила апа қарасты. Бір күні папа Алматыға қыдырамыз, киімдеріңді жинаңдар деп, киімдерімізді жинап аэрапортқа жолға шығып кеттік. Алматыға жеттік. Вообще 0 күлмейміз. Езуімізден күлкі қашып кеткен. Аминок бірдеңеге күліп қойса, аяғынан ешкімге білдіртпей теуіп жіберетін едім, күлме деп Үйге алып келді. Кірсек апа күтіп тұр екен, дартархан жайып. Прикиньте мен бір қарамай тіке бөлмеге кетіп қалғанмын ғой. 

Апамен вообще сөйлеспейміз, күлмейміз, араласпаймыз. Папа мен апа барлығын істеді біздің бір күлуіміз үшін. Қазір ойлап қарасам, тууу деп өкінемғо. Қалай ғана түсінбедік деп Жай ғана демалысқа келдік деп ойлап, Алматыда қалып қалдық. Дұғаның арқасында уақыт өте келе апамен ашылысып, әңгіме айтып, қызықты сәттерімізді өткізе бастадық. Қазір Шүкір Апамен сырлас доспыз Барлық темада еш жасырмай
бәрін айтамын Аллаға Шүкір!
", деп жазды әншінің қызы. 

Дегенмен, халық өз туған анасын ұмытпауы керектігін айтты.