Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жоғалып кетіп 42 күн дегенде табылған бала еріктілерге өз өмірі туралы барлық шындықты айтып берген болатын.
"Үсті лас әрі қарны аш баланы 20-шы күнде ер адам тауып алды. Мұрал өз тегін айтпай ол жерде 22 күн болған. Полицияға үйге барғысы келмейтінін айтып, өгей шешесі сес көрсететінін, ал әкесі ұратынын айтты", — деді ерікті Дильмира Блац.
Ерікті сондай-ақ Мұрат Қасейіннің келесіде өзіне қол салатынын айтты.
"Ол маған солай деді. Қамқоршы бос емес екендерін айтты. Олар барлық жауапкершіліктен өздерін босатты. Ата-анасын құқығын айыратын олардың ойлары жоқ. Құқық бұзудың құрамы жоқ дейді? Ол қашан болады? Бала өзіне қол салғанда ма?", — деді ерікті.