"Ойым орысша болғандықтан, қазақша жеткізе алмадым": Бақыт Шадаева Димашқа айтқан сыны үшін халықтан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ойым орысша болғандықтан, қазақша жеткізе алмадым":  Бақыт Шадаева Димашқа айтқан сыны үшін халықтан кешірім сұрады

"Ойым орысша болғандықтан, қазақша жеткізе алмадым": Бақыт Шадаева Димашқа айтқан сыны үшін халықтан кешірім сұрады

Димашқа ауыр сын айтқан Бақыт Шадаева халықтан кешірім сұрады. 

  • 21 Сәуiр 2022
  • 2776
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бақыт Шадаева "1001 түн" бағдарламасында тұрып халықтан кешірім сұрады деп жазды. 

— Менің ойым орысша болғандықтан, қазақша жеткізе алмаған шығарамын, дейді әнші ақталып. 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Димаш Құдайбергеннің ұстазы Майра Дәулетбақ та Шадаеваға ренішін айтты. 

— Рамазан айында кешірімді болайық. Бірақ, Димашқа қалай сын айттың, деді ренішпен. 

Әнші өзінің айтқан сөзінен өзі қашып, хайп үшін видеоны монтаждап алған дейді әнші. 

Бағдарлама барысында халықтан үздіксіз қоңырау шалғандар көп болған. Солардың бірі: 

— Астана қаласынан Раушан апайыңмын. Мәдениет саласынан еңбек ардагерімін. Бақытқа таңқалып отырмын. Мына халықты дүр сілкінтті. Даусы қойылмаған деген не? Қарапайым үйдің қатындары да ондай сөз айтпайды. Бұл не желге қарап шаптырғаны. Бүкіл мәдениет саласына ұят болды. Димаш 5 жасынан өлең айтып жүрген бала. Айман Мұсаходжаеваның академиясын бітірген бала. Бетіне бес тонна тональны кремді жағып алып, ол қандай әнші? Халық күйініп отыр Бақытқа", деп сөзін тәмәмдады. 

— Сол сөзді Құдай аузыма салған шығар. Қателеспейтін адам жоқ. Кешірім сұраймын халықтан, деп аяқтады сөзін Бақыт Шадаева. 


 

«Қателеспейтін адам жоқ» «Димаштың дауысы қойылмаған» деген әнші Бақыт Шадаева «1001 түн» бағдарламасы арқылы халықтан кешірім сұрады Әнші тікелей эфирде Димаш Құдайбергеннің ұстазы Майра Дәулетбақтың сауалдарына жауап берді. Шұғыл ақпарат: https://t.me/+7kTx2jdmJZ04MzJi

Posted by Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы on Wednesday, April 20, 2022

 

Соңғы жаңалықтар