Ойыншық тапанша кезеніп, дүкен тонағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ойыншық тапанша кезеніп, дүкен тонағандар ұсталды

Ойыншық тапанша кезеніп, дүкен тонағандар ұсталды

Петропавлда ойыншық тапанша кезеніп, дүкен тонағандар ұсталды. Бетперде тағынып, ойыншық қарумен келген олар бар болғаны бес-ақ мың теңгені олжалаған.   

  • 15 Қараша 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz


Бетперде киіп, тапанша кезенген еркекті көргенде сатушы шошып кеткен. Кассадағы бар ақшаны ұстата салыпты. Қалған екеуі оны сыртты күтіп тұрған. Дүкеннің ішін жақсы білген үшеу қойманы да тексеріп шығыпты. Осыны ескерген тәртіп сақшылары дүкенге қатысы болуы мүмкін адамдардың барлығын тексеріп, көп ұзамай сыбайластардың ізіне түсті. 23-25 жастағы жігіттердің екеуі облыстық наркодиспансерде есепте тұрған.  Олжалаған бес мың теңгелерін олар бөліп алып, жаратып жіберіпті.