"Өкінемін": Сирияға аттанған жігіттің Қазақстанға жете алмай қиналғаны туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өкінемін": Сирияға аттанған жігіттің Қазақстанға жете алмай қиналғаны туралы

"Өкінемін": Сирияға аттанған жігіттің Қазақстанға жете алмай қиналғаны туралы

Атыраулық Ермұхан Айыпқалиев 2014 жылы шариғат заңына сай өмір сүретін елді аңсап,

  • 13 Қараша 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

Сирияға аттанған.

Көпбалалы отбасында өскен Ермұхан — үйінің түңғышы. Соғыс аумағында жүргенде омыртқасына бомба жарықшақтары тиіп, мүгедек болып қалған. Adil ukim арнасына берген сұхбатында ол өз әрекетіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ермұханның да хикаясы өзге қазақстандықтардікі сияқты. Ол да әлеуметтік желіде тараған түрлі видеоға сенген. Жердегі жұмақта өмір сүруді қалаған жас жігіт бір-ақ күнде шекара асып, жат елде қолына қару алған. 

«Ислам мемлекеті» жайлы бейнероликтер қарап, алданып кеттік. Мен ол жаққа соғысу үшін емес, Ислам мемлекетінде өмір сүру үшін бардым. Ол жақта күтіп алатын арнайы адамдар бар. Сосын қолыңа қару беріледі. Онда «қару алмаймын, ұстамаймын» деген жоқ», — дейді Айыпқалиев. 

Кейіпкеріміз Сирияға өткен соң, құжаттарын ДАИШ-тықтарға өткізуге мәжбүр болған. Бейімделу лагерінде шетелден барғандарға күн сайын физикалық дайындық жасап, қару қолдану және ұрыс жүргізу тактикаларын үйреткен. Кейіннен соғыс аймағына жіберген. Кезекті ұрыстардың бірінде Айыпқалиев ауыр жарақат алып, 1-топтағы мүгедек болып қалған. 

«Біз жаққа бомбалар лақтырып жатты, біз ортасында қалып қойдық. Бомба жарылған кезде омыртқа жағыма жарықшақтар тиді», — дейді ол. 


Адасқандарын түсінгенде, досы екеуі елге қайтудың амалын іздеген. Бірақ ДАИШ жендеттері олардың әрекеттерін біліп қойған.

«Сол кезде қасымда досым болған. Қазақстанға қайтудың жолын іздегенбіз. Оны ИГИЛ-дің адамдары біліп қойды. Сөйтіп, досымды өлтіріп тастады. Мынадай жағдайда менің оларға керегім болмады деп ойлаймын. Егер аяғым сау болса, мені де өлтіріп тастар еді. Өкінемін! Адам болған соң, қателеседі. Бірақ біз оны кеш түсіндік. Бұған дейін де қайтқым келген, жол болмады. Келгім келмесе, сол жақта қалар едім», — дейді Ермұхан Айыпқалиев.

Ермұхан күрдтердің қолына тұтқынға түсіп, кейін «Жусан» арнайы операциясы аясында елге оралған. Террористік ұйымға қосылғаны үшін ол 8 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар