Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — депутат

Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — депутат

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу енгізуді ұсынды.

  • 3 Наурыз
  • 1
ФОТО: Мәжіліс

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Әрине, технологияның дамығаны жақсы ғой, бірақ уақыт өте келе мұның бәрі миымыздың шектелуіне әрі оның ойланбауына алып келетін секілді. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары арасында ешқандай тапсырманы орындамай, жасанды интеллект — Chat GPT-ге салып, тапсырманың барлығы осы екен деп отыра береді. Менің ойымша, мектеп жасындағы оқушыларға қандай да бір шектеулер қойылуы керек сияқты, — деді депутат Дәулет Мұқаев Парламент Мәжілісінде ЖИ туралы заң жобасын талқылау кезінде.

Оның пайымынша, бұл шектеулер болмаса, кейіннен оның салдары өскелең ұрпақ үшін кері әсерін тигізеді.

— Егер шектеу қойылмаса, ертеңгі күні оқушыларымыз студент болып, кейіннен еңбек нарығына араласқан кезде, соның зардабын 20 жылдан кейін көреміз. Мұны елімізге келе жатқан үлкен қауіптің бірі деп санаймын. Заң жобасын жұмыс тобында қарастыру кезінде осы ұсынысқа мән беру керек, — деді депутат.