Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Атақты спортшы өзінің балалық шақтағы естеліктерімен бөлісті.
"Әкем маған бойы ұзын қызға үйлен, деп айтатын. Егер сүйіп қалдым деп бойы кішкентай қызды алып келсең, сені де оны да үйден қуып шығам дейтін"
"Соны ескере отырып мен сырттай қарап жүрген қыз бар, спортшы, бойы ұзын, әдемі егер екеуіміз қосылсақ мықты-мықты спортшылар өмірге келеді деп ойлаймын. Ол қыз мені біледі, таниды. Бұл тақырыпты кішкене-кішкене сөйлескенбіз. Былай қарап отырсам, ол қыздан басқа мен үйленетін қыз көріп тұрған жоқпын." — деп ішкі сырымен бөлісті.
Бұл сырды еш жерде айтпаған, бірінші рет осы бағдарламада бөліскенін айтқан спортшы "Ол қыз спортшы, волейболистка Сабина Алтынбекова" — деп жауап берді.