"Ол демалыссыз 18-19 күн жұмыс істеді": Блок-бекеттегі апатқа себепші болған күдіктінің әкесі күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол демалыссыз 18-19 күн жұмыс істеді": Блок-бекеттегі апатқа себепші болған күдіктінің әкесі күтпеген мәлімдеме жасады

"Ол демалыссыз 18-19 күн жұмыс істеді": Блок-бекеттегі апатқа себепші болған күдіктінің әкесі күтпеген мәлімдеме жасады

Блок бекеттегі апатқа себепші болған Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері екен.

  • 28 Мамыр 2020
  • 333
Фото - Caravan.kz

Апат болған күні кезекшілікке түсіпті.

Азат Азаматовтың әкесі, полицияның күдіктіні — экс-қызметкер деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бірақ ұлымның ішімдік ішіп алғанына күмәнім бар, карантин кезінде күні-түні жұмыс істегендіктен қалғып кетуі мүмкін" деген Талғат Мұқашев, ұлым қолымен істегенін мойнымен көтереді. Алайда, оқыс оқиғаны қасақана жасаған қылмыс деп жала жабуға болмайды" дейді. Өзі де ішкі істер саласында 28 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан азамат "оқиғаның анық-қанығы камераға түсуі керек еді, құрылғының істен шыққаны күмән тудырады" дейді.

Талғат Мұқашов Азат Азаматовтың әкесі:

"Коронавирусқа қарсы оларда демалыс болмай кетті. 18,19 күндей жұмыс жасады. Соның салдарынан ол таңғы 5-те, таң болғандықтан ұйқыға көзі жұмылып кетті ме деймін. Демалмаған адам сондай барады. Ұлымның жасағанын жасырмаймын, ол өзінің жасағанын мойнымен көтеруі керек. Әдейі барып соқты дегенге сенбеймін. Ешқандай жүргізуші олай ешқашан жасамайды. Жүрмей кеткен көлік болатын, ол көліктің қалай жүріп кеткеніне де өзім аң-таңмын. Бұл оқыс оқиға, қасындағы жолдасына қасқыр да қастық қылмайды. Олардың ата-аналарына, туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Соны ойласам жүрегім жарылып тұрады. Баламның жанындағы жолдастары менің де балаларым. "Менің ұлым жаман, алқаш", — деген айып тағылып отыр. Ол сондай айып тағылса басшылар қайда қарады?", — дейді Азат Азаматовтың әкесі Талғат Мұқашов.

Еске салсақ, апта басында
Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып
өтпек болды.

Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен ол бетон қоршауға барып соғылған, кейін соның екпінімен патрульдік көлікті соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған.

Өкінішке қарай, полицейдің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов ауруханада көз жұмды.

Ал полиция қызметкерлерін блок-бекетте қағып кеткен BMW жүргізушісінің алты жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істегені айтылды. Кінәлі жүргізуші 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Қазір ол қамауға алынған
 

 

Соңғы жаңалықтар