"Ол қанішер": Байжанов Бишімбаев жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол қанішер": Байжанов Бишімбаев жайлы

"Ол қанішер": Байжанов Бишімбаев жайлы

Бүгін Астанада Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

  • 15 Сәуiр
  • 45
Фото - Caravan.kz

Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжановтың бопсалап жүргенін, ата-анасының пәтерін қайтармай жүргенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz-ке сілтеме жасаған Caravan.kz.

Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов Бақытжан Байжановқа «Бишімбаев қазір сізге қаржылай тәуелді екенін айтты. Сіз Бишімбаевтың ата-анасының пәтерін қайтаруға ниеттісіз бе?» деп сұрақ қойды. 

«Оның бұл іске түк қатысы жоқ, бірақ мен пәтерді қайтарып беремін. Маған оның пәтері керек емес. Қайдағы бір құжаттарды айтып отыр. Бишімбаевты тыңдасақ, жәбірленуші сол сияқты. Ол қанішер ғой», — деп жауап берді Байжанов. 

Кейін прокурор Байжановтың «қанішер» деген сөзін түсіндіріп кетуін сұрады. 

«Ол адам өлтірді. Сол кезде басқа Бишімбаев еді, қазір тіптен басқа. Ол жылап, «қолыммен істегенді мойныммен көтеремін, әке-шешемнің, балаларымның көзіне қалай қараймын» деген», — деді Байжанов.