"Ол кезде әйелді ұру мода болды": Таяқ жеген Жазира Байырбекованың сөзі әйелдер қауымын шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.57
  • 566.59
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол кезде әйелді ұру мода болды": Таяқ жеген Жазира Байырбекованың сөзі әйелдер қауымын шошытты

"Ол кезде әйелді ұру мода болды": Таяқ жеген Жазира Байырбекованың сөзі әйелдер қауымын шошытты

Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде күйеуі Жанболаттан таяқ жегенін айтты.

  • 19 Ақпан
  • 117
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Жазира Байырбекованың 8 жыл бұрын «Ұят емес» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді тарады. Онда әнші күйеуінен 2-3 рет таяқ жегенін айтқан.

«Ол заманда әйелді ұру мода болды ғой. Өтірік айтпай-ақ қояйын, 2-3 рет таяқ жедім. Көп емес. Өзім кінәлі болдым, сол таяққа лайықты болдым. Ерке болдым, бетімнен ешкім қақпаған еді. Жолдасыма қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім. Тілімнен таптым. Қазір ол тілді қалай жайғастыру керек екенін біліп алдық. Менің бұлай айтып отырған себебім, қазір ажырасулар өте көп. Бір келіншек маған қол жұмсады ғой, білесің бе деп құрбысына айтады. Бір ұрған еркек ұра беретін болады, құрсын ажырас дейді ол. Солай бір ұрғаны үшін ажырасып кетіп жатқандар бар. Ұрғанға шыдап жүре беру керек деп те айта алмаймын. Бірақ отбасы болған соң кез келген нәрсе болады деп айтқым келеді», — дейді ол.

Желі қолданушылары тұрмыстық зорлық-зомбылықты «модаға» теңеген әншінің бұл сөзіне таң қалуда.

«Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты осылай нормаға айналдырған екен ғой», «Дардай әншінің айтқаны мынау болса, сұмдық», «Модасы нес, осы әншілер бір жөні түзу нәрсе айтпады ғой», «Біздің заманда ұрса, шыдадық. Бірақ қазіргі қыздар ондайға көнбейді. Сол үшін бұндай әңгіме айтпау керек», «Осындай пікірлерден кейін ғой әйелдің құқығы жылдар бойы тапталғаны», — деп жазды олар.