"Ол кісі үшін артықтау дүние" Сенат депутаты Ермахан Ибраимовтың әрекетін сынап тастады (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол кісі үшін артықтау дүние" Сенат депутаты Ермахан Ибраимовтың әрекетін сынап тастады (видео)

"Ол кісі үшін артықтау дүние" Сенат депутаты Ермахан Ибраимовтың әрекетін сынап тастады (видео)

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы боксшы Ермахан Ибраимовтың сайлау күні кезіндегі даулы әрекетіне қатысты өз пікірін білдірді.

  • 20 Қаңтар 2021
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

— Мен оны көрген жоқпын. Бірақ, оқыдым. Суреттерін көрген жоқпын.Видеосы шығыпты, оны көрген жоқпын. Алматы қаласының депутаты болды деді. Ибраимов шын мәнінде қазақтың атын, елдің атын шығарған азамат. Оған сөз жоқ. Олимпиада чемпионы болу миллионның біріне бұйыратын нәрсе. Бірақ, халықтың ортасына барғанда ол не деп айтты дегенге әртүрлі пікірлер бар. Меніңше оның барған себебі, ол олимпиада чемпионы, мені халық таниды, біледі деп елге басу айту үшін барған шығар. Менің ойым сол. Бірақ, ол жерде плакатты жырту шамалы ол кісі үшін артықтау дүние. Жалпы митингіге шыққан азаматтарға барып, өзі білмейтін нәрсеге ақыл айту меніңше керек жоқ сияқты. Егер өзіңді тыңдамайтын болса, өзіңе артық сөз айтатын болса, меніңше ондай жерге барып қандай қажеттілік бар. Өзіңнің атыңды құртасың. Олар өздері сен туралы айтып жатқан жоқ, белгілі нәрселер туралы айтып жатыр. Баратын болса тиісті адамдар барады. Жауап береді. Ол жерде біздің атақты боксеріміз қағазды, плакаттарды жыртты деп жазыпты. Егер ол рас болатын болса ол дұрыс емес. Этикаға келіңкіремейді — деді Мұрат Бақтиярұлы.

Еске салсақ, белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов 10 қаңтар күні өткен сайлау кезінде алаңға шықан наразы топқа басу айтам деп барып, келеңсіз оқиғаға ұшыраған болатын. Көпшілік танымал боксшының әрекетін қатаң сынға алды. Ал бірнеше күннен сол Ибраимов Алматы қаласы маслихатының депутаты атанды.