"Ол кісінің ренжуі орынсыз": Актерлер "Шімән апа" рөліне таласып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол кісінің ренжуі орынсыз": Актерлер "Шімән апа" рөліне таласып қалды

"Ол кісінің ренжуі орынсыз": Актерлер "Шімән апа" рөліне таласып қалды

Жас өнерпаз Марлен Айдаров та апаның рөлін сомдайтын жігіттердің бірі.

  • 8 Қазан 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

Ол белгілі актер Ерболат Төлегеннің өзіне ренжіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Апаның рөлін Құдайберген Сұлтанбаев атамыз сомдап бастады. Одан кейін тағы апалар шықты. Ерболат ағамызды түсінемін. Ол кісі үлкен аудиторияға шыққан, ел таныған жан. Ал бірақ маған «Сен копоровкасың, яғни көптің бірісің. Мені қайталап ақша тауып жүрсің» дегенге келтірді», — деді жас актер. 

Марленнің айтуынша, бұл ортақ кейіпкер. Себебі, Төлегеновтің алдында талай әртіс апаның рөлін сомдаған. 

«Ереке, мен ешкімнің нанын тартып алып жүрген жоқпын. Апа жалпы ортақ деп ойлаймын. Егер кейбір жерде ұқсап кетсе, ол – образ. Яғни сомдалып жатыр. Бірақ мен Ерболатты қайталап, оған пародия салып жатқаным жоқ. Менің айтатын әңгімем бөлек, мүлдем басқа. Ал енді ол кісінің ренжуі орынсыз», — деді ол. 

Өзінің соңынан келе жатқан жас өренге кеңес беріп жүргенін Ерболат Төлеген де растады. Алайда ол ешкімге ренжімей, тек қайталауға кеңес бергеніне тоқталды. 


«Мен оларға «Ойнаңыздар, бірақ мені қайталамаңыздар. Өздеріңіз бір зат табыңыздар» деймін. Маған «Сен неге кемпірді ойнай бересің?» деп айтады үлкен халық әртістері. Соларға «Кезінде Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз ойнады ғой. Сол кісіге айтуға шамаларың жетпеді ме?» деймін. «Фейк Шімән апа» деп айтатындай мен қызғанып, өйтпе-бүйтпе деп айтпаймын. Халық кім ұнаса, соны шақырады. Тойға болсын, концертке болсын. Жеке өз басым дәрігер, мұғалім және полицейлерді желкелеп, билет алыңдаршы деп айтып көрмеппін. Ешкімді сөкпеймін, сөккен емеспін. Бүйректен сирақ шығарып жүрген журналистер шығар», — деді актер. 

Мұнымен қатар, Марлен Айдаров «Шімән апаның» өзінен бір тойға сіңілісінің рөлінде шығып беруді сұрағанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар