Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау әрине Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап , тамсанып , әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy- ды беріп , қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің Иманбек , көрші Ресей елінің халқы біздер үшін қуанып , құттықтап жатты … Сөзсіз Иманбек бағы жанған , өте талантты , білімді , қарапайым біздің мақтанышымыз !
Бірақ , еліміздің Халық әртісін , 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып , жерден алып , жерге салып жатқанын көру өте ауыр , бұл ол кісінің жеке ойы , жасын сыйлайық , құрметпен қарайық , достар !
Деймін да Иманбектің бағын ашқан , қазіргі таңда әлемді шайқап келе жатқан ремиксы ROSES деп аталады.