«Ол Мемлекет басшысына байланысты. Осыны естігіңіз келді ме?»: Бердібек Сапарбаев зейнетке қашан кететіні жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ол Мемлекет басшысына байланысты. Осыны естігіңіз келді ме?»: Бердібек Сапарбаев зейнетке қашан кететіні жайлы

«Ол Мемлекет басшысына байланысты. Осыны естігіңіз келді ме?»: Бердібек Сапарбаев зейнетке қашан кететіні жайлы

Елордадағы ОКҚ-да БАҚ өкілдерінің алдында өңірдің дамуы туралы есеп берген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қанша жалақы алатынын айтты.

  • 7 Желтоқсан 2021
  • 117
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда облыс басшысы ай сайынғы жалақысының нақты сомасын атаған жоқ.

«Бұл сұраққа менің әріптестерім де жауап берген болатын. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы оның еңбек өтіліне байланысты Үкімет қаулысының негізінде бекітіледі. Әріптестерім қанша жалақы алса, мен де сонша аламын», — деді Бердібек Сапарбаев.

68 жастағы Бердібек Сапарбаев өз еңбек жолында осымен бесінші облысты басқарып отыр. Осы ретте журналистердің бірі қару-жарақтың жарылыс қаупі басым аймақты мемлекеттік қызметкер қанша жасқа дейін басқара алатындығын сұрады. 

«Кез келген адамды оның жұмысқа қаншалықты берілгеніне, денсаулығына байланысты бағалау керек. Егер де ол Мемлекет басшысы мен жергілікті халықтың тапсырмасын орындап жатса, ол жұмысын жалғастыру керек деп ойлаймын. Бірақ бұл мәселені Мемлекет басшысы шешеді. Президент мені Жамбыл облысына жіберді, тиісті тапсырманы берді, мен оны орындап жатырмын. Маған сұрақ қояр алдында нақты сауалды мысалмен келтіріңіздер. Мен сол кезде нақты жауап беретін боламын», — деді Сапарбаев.

Алайда журанлистің  «Зейнет жасындағы әкімнің алдағы уақытта басқа да өңірді басқаруы мүмкін бе?» деген сауалы өңір басшысының ашуына тиген сыңайлы.


«Ол менің мүмкіндігіме және Мемлекет басшысына байланысты. Осыны естігіңіз келді ме?», — деп жауап қатты Бердібек Сапарбаев.