Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыпалды сайқымазақ Нұрлан Қоянбаевты өзіне кретивті істер жөнінде кеңесші етіп алыпты. Дархан мырза журналистерге сұхбат беріп тұр. «Қоянбаевтің тәжірибесін пайдаланамыз», – дейді. Ол не тәжірибе? Білетіндеріңіз болса, айтыңыздаршы”, — деп жазды әнші.