"Ол өтірік нәрсе": Танымал этнограф енесін "мама" дейтін келіндерді сөгіп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол өтірік нәрсе": Танымал этнограф енесін "мама" дейтін келіндерді сөгіп тастады

"Ол өтірік нәрсе": Танымал этнограф енесін "мама" дейтін келіндерді сөгіп тастады

Танымал этнограф Ардаби Мәулетұлы халқымыздың бүгінгі таңда көп дәстүрден айырылып қалғанына қынжылды.

  • 28 Наурыз
  • 87
Massaget.kz

Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда жас келін мен қайын ене, қайын ата арасындағы қарым-қатынастың да бұзылғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, қазақ тарихында келін ешқашан енесін «мама» деп айтып көрмеген.

«Біз көп нәрседен айырылып қалдық. Мысалы, адам баласында бір ғана әке-шеше болады, біздің түскен келіндер қайын енесін «мама», қайын атасын «папа» дейді. Ол өтірік нәрсе, ешқашан қайын ене саған ана болмайды, қайын ата әке болмайды. Бұрынғы қазақтар, ата-бабаларымыз соған миы, ақылы жетпеді деп, қазір біздің жастар жерден жеті қоян тапқандай «Ойбай, қайын енем менің анам, қайын атам менің әкем болады» деп жатады.

Яғни, жақындықтың, сыйластықтың белгісі сияқты қарайды. Бірақ ол керісінше. Бұрынғы қазақтар неге сондай заңдылықты орнатты? Неге қайын ата, қайын ененің орны бөлек? Себебі, жас буын мен қайын ата, қайын ененің арасындағы сыйластықты сақтау үшін, ең бастысы сол.

Шекара болады, шекара болған жерде сыйластық болады. Сол құндылықтан біз қазір ажырап қалдық. Қазір «мама, папа» деп, ойбай біз жақын адамдармыз деп, бетінен сүйіп, билеп, неше түрліні айтып, ең соңында ұрысып, дүние-мүлікке таласып, ешқандай сыйластық та жоқ. Содан ажырасып жатқан жастардың бір жағы осы ғой деп ойлаймын.