"Ол сіздерді ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда": Бас прокуратура Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол сіздерді ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда": Бас прокуратура Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасады

"Ол сіздерді ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда": Бас прокуратура Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы экстремистік ұйымына байланысты мәлімдеме жасады.

  • 21 Ақпан 2020
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілілік біле бермейді. Жетекшісі — Мұхтар Әблязов. Оның арбауына түскен кейбір азаматтар — өкінішке орай, оған зор сенім  артады", — деп жазылған Бас прокуратураның ресми сайтында.

Бас прокуратура Әблязовтың арбауына түсіп қалмауына шақырды.

Бүгінде Әблязов- халық мүддесін желеу етіп, жалған ұранмен азаматтарды заңсыз акцияларға  үгіттеуін жалғастырып келеді.

Ол сіздерді — қоғамда әлеуметтік алауыздық және ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда. Оған  бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтқанымыз тиімді. 

Аблязовтың көксегені- еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес,  жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді.


Бұрын өзі жымқырған Сіздердің қаражаттарыңызды митингке шыққандарға төлеуде.

Біз сіздерді арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.