Ол тиісті жазасын алуы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ол тиісті жазасын алуы керек

Ол тиісті жазасын алуы керек

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадмевтің әрекеті желіде тартысқа түсті. 

  • 28 Наурыз 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz

Айгүл Орынбек: «Қазіргі ер азаматтарды ақтамаймын, оларды аяймын», — деп өзінің facebook парақшасын жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Себебі оларды жүйе қысып тастаған. Олардың «сасық намыстары», әлсіз жандармен ғана күресуге жетеді. Бұрынғының демей-ақ қояйын, 90-жылдары «Рыжий Алмаз», «Космолар» жезөкшелермен емес, халықты жеп отырған жемқорлармен күрескен. Байлардан алып кедейлерге таратып, қазақ қыздарының көшеге шығып кетпеуіне жағдай жасаған», — деп жазды блогер.

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

«Ал қазір қалай? Көшеге шықпай өз еңбегімен өз нәпақасын тауып жүрген қыздарға да тыныштық жоқ! Әлдері тек қыздарға жетеді. «Отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың»! Біздің кейбір ер азаматтар үшін бәріне қыздар кінәлі! Қыздарымызды бүкіл әлемге жария қылып сабаған жігіт. Заңды түрде өз жазасын алу керек. Біреудің жеке өміріне қол сұғып, ұрғаны үшін бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс ашылу керек. Ол үшін арыз керек емес, видеода айғақ жеткілікті. Біз дамыған құқықтық мемлекетте тұрамыз. Жабайы тас ғасырына оралудың қажеті жоқ! Жезөкшелерді қолдап тұрғаным жоқ, әркім өз жазасын заңды түрде алуы керек!», — дейді белгілі заңгер А.Орынбек.

Оқи отырыңыз:

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек

Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын — Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады

Соңғы жаңалықтар