“Олай болады деп ойлаған жоқпын”: Тәуекел Мүсілім сұхбат барысында күтпеген жерден неліктен ағыл-тегіл жылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Олай болады деп ойлаған жоқпын”: Тәуекел Мүсілім сұхбат барысында күтпеген жерден неліктен ағыл-тегіл жылады

“Олай болады деп ойлаған жоқпын”: Тәуекел Мүсілім сұхбат барысында күтпеген жерден неліктен ағыл-тегіл жылады

Қазақстанның танымал актері Тәуекел Мүсілім  Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында неліктен ағыл-тегіл жылады.

  • 9 Қыркүйек 2020
  • 5669
Фото - Caravan.kz

Аталған сұхбатта актер өмірінің кейбір қырлары туралы сыр шертті.  Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Сен Қазақстанда қазір нөмер бірінші актерсің. Бір кездері біздің көзге өте тез көтеріліп кеттің. Сол кезде тәкәппарлықтан өзіңді қалай сақтадың?
— Иә қазір қарасақ солай көрінеді. Өте тез көтеріліп кеткен сияқтымын. Бірақ бұл уақытты, еңбекті талап етті. 2007 жылы мен модель саласына келдім. 2008 де көрсетілімдерге шыға бастадым. Содан соң соны көріп мені жарнамаларға шақыра бастады. Әрине ол жерде эмоция көрсетесің. Қарадым да мен неге бағымды актерлік салада сынап көрмеске деген ой келді. 2008-2015 арасында бармаған кастингім жоқ. Мен тіпті түсірілімдерге массовка ретінде де бардым. Мен ондай нәрседен ұялмаймын.
Маған Талғат Теменов айтқан болатын “сен актер бола алмайсың, сеннен шықпайды. Таста бұл саланы”-деп. Мен оған ренжімеймін әрине. Іштей қынжылып қалғанмын.
Балалық шағыңа оралсақ. Кішкентай кезіңде анаң мен әкеңнің қарым-қатынасы саған қалай әсер етті?!
— Әрине бірінші кезекте мен өзіме сөз бергенмін. Әкесіз өскеннен соң мен бұл нәрсені жақсы білем. Ұл балаға қиын екендігін. Сол себептен болашақта әке болсам балаларымды жетім қалдырмауға тырысамын деп сөз бергем. Ұл балаға әкенің қолдауы, тәрбиесі керек нәрсе. Менің балалық шағымда тұйық болуымның әсері әке тәрбиесі болмағаны үшін деп ойлаймын. Мен қазірге дейін сондаймын “жоқ” деп айтатын жерде де иә дей саламын. Мінез көрсететін жерде көрсете алмаймын.
Әлі күнге дейін есімде. Әкем мен анам мен 2-3 жасымда ажырасып кеткен. Бір күні әкем үйге келетін болды, ол кезде есімді білемін анам дастархан жайып дайындап барын қоятын. Сол кездегі анамның құрметі, махаббаты мені таң қалдыратын. Тіпті қазірдің мысалы анам енесін көрсе сәлем салып, күтіп барын жасайды. Және ешқашан осы сәтке дейін әкемді жамандамаған. Тастап кетті сендерді оңбаған деп ешқашан айтпайды. Мен анам мен әкемді бұл ешқашан кінәламаймын. Мен олай ойламадым да. Бұл тағдыр шығар. Тіпті анам айырылысқан соң ешкіммен қосылған жоқ. Оның өзі ерлік. Анам біз үшін жастық шағын арнады. Таң қаламын.
Жарқын естеліктеріңнің бірі әкеңмен үш ай бойы бірге болыпсың. Уақытты қалай өткіздің?!


— Кез-келген ұл балаға әкенің орны ерекше. Балалық шағым есімде. Әкеммен кездескен сайын достарымен тұрады, менімен қатар балалары болып қалса қане күресіңдер дейді. Сол кезде өзім қатты тырысатынмын әкемді ренжітіп алмайын деп. Менімен мақтансын деп іштей ойлайтын едім. Жеңіліп қалмауға тырысатын едім мені мойындасыншы деп. Анам келген сайын құрметтеп тұратын. Сол нәрсені бізге де үйретті. Мен еш ренжімейтінмін бізді тастап кетті деп. Себебі анам әкемді жамандамаған соң, бізде соған үйрендік.

Бүкіл ел сені күтті Тәуекел үйленді. Қандай қызға үйленді екен деп. Махаббаттың анаңа ұқсайтын қасиеттері бар ма?!
— Махаббатты таңдауыма оның жүрегі әсер етті. Сондай мейірімді жүрегі нәзік. Адам қандай болса қасында сондай адам болғанын қалайды, іздейді. Арласа келе Махаббатты ұнаттым. Сосын демалысқа баратын болдық отбасымызбен сол кезде Махаббатты алып кетіп анам мен әпкеммен таныстырдым. Ұнатса әрі қарай тойдың қамына кірісейік деп. Ұнатты әпкем де , анамда. Сол кіселердің қолдауымен сөз салып, үйленіп үйлі болдық. Әйелім анама ұқсайды. Көбісі айтады. Қостанайдың қызы болғандықтан қазақшаға сәл шорқақтау, ол түзелетін нәрсе ғой. Бастысы іштей ниеті түзу болуы. Бәрін күлімсіреп қарсы алады. Жүрегі ақ. Әрине мінсіз адам болмайды. Бірақ әйелімнің жүрегі ақ, пейілі таза. Сол қасиеті қатты ұнайды.

Соңғы жаңалықтар