"Оларды құдды мергендер аңдып тұрғандай күзетеді": Алуа Қонарова ресейлік жұлдыздарды Қазақстанға шақырмау керегін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оларды құдды мергендер аңдып тұрғандай күзетеді": Алуа Қонарова ресейлік жұлдыздарды Қазақстанға шақырмау керегін айтты

"Оларды құдды мергендер аңдып тұрғандай күзетеді": Алуа Қонарова ресейлік жұлдыздарды Қазақстанға шақырмау керегін айтты

Қазақстандық продюсер Алуа Қонарова ресейлік жұлдыздарды Қазақстанға шақырмау керектігін айтты.

  • 23 Мамыр 2022
  • 802
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Елге ресейлік әншілерді шақыруды қою керектігінің бірнеше себептерін 2010 жылдан бері жазып келемін. Өйткені:

а). Олардың қаламақылары бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бірақ, біздікілер олардан артық болмаса, кем емес. Тек біздің жұлдыздар оларға қарағанда бар болғаны қауырсын тағып, жылтырақ киімдер кимейтін шығар. 

в). Ресей жұлдыздарын құдды әрбір бұрышта мергендер күтіп тұрғандай күзетеді. Оларды күзететін сол баяғы біздің қазақтың күзетшілері, бізді итеріп тастап, соларды қызғыштай қорғайды.  Ал шығатын сахналарымыз бір.

с). Ресей жұлдыздарына арналған грим бөлмелері жарқырап тұрады, тамақтың түр-түрі, тіпті шығысазиялық крабқа дейін жеткізіледі. Әрқайсына  жеке-жеке арнайы гример маманы беріледі. Ал қазақстандық жұлдыздарды қой сияқты жүз адамды бір кабинетте тоғыта салады. Тіпті мынадай да болады: "Грим бөлмелерінде ресейліктер бар, бос емес, баспалдақта күте тұрыңыздар" дейді. Осы жылдар аралығында осындай жағдайлар өте көп болды. Бірде бір адам мені тыңдамады, естісе де жұмыстан айырылып қаламын деп қорқып айтқан сөздерін жоққа шығаратын. Ондай концерттерді ұйымдастырушыларының барлығы қазақстандықтар болатын.

Ал енді қазір біз не көріп тұрмыз? Барлығы күтпеген жерден өзгеріп сала берген,  "Ресей құрысын", "басқыншыларға біздің сахнаға жол жоқ" деп ұрандатып шықты.   


Мен әлі күнге дейін біздің елге ресейлік әншілердің келгеніне қарсымын. Бірақ әділеттілік үшін айту керек, олардың концертіне билет алатын да, баратын да өздеріңіз. Иә, бұл концерттерді әкімдік емес, жеке тұлғалар 2020 жылы жоспарлап, пандемияға байланысты кейінге қалдырды. Соғыс болатынын ешкім білмеді.

Соғыс деген әрдайым болып жататын. Бірақ ТМД елдеріне концерттер, түрлі іс шаралар өте жоғары деңгейде өтіп жатты. Ол кездерде Сирияда, Иракта балалардың өліп жатқанына бәрінің түкіргені бар еді", — деп жазды Алуа Қонарова.