"Олардың жыныс мүшесі бала қорқып, шыңғырғанда қозады": 14 жыл педофилдерді емдеген психолог шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Олардың  жыныс мүшесі бала қорқып, шыңғырғанда қозады": 14 жыл педофилдерді емдеген психолог шындықты айтты

"Олардың жыныс мүшесі бала қорқып, шыңғырғанда қозады": 14 жыл педофилдерді емдеген психолог шындықты айтты

Бұған дейін адам жегіш пен маньяктарды емдеген мекемеде психолог болған маманмен сұхбаттасқан едік. Алматы облысы, Ақтас ауылындағы аталмыш жындыханада педофилдер де қамалып жатыр. Аулада ойнап жүрген алаңсыз балалардың етегін көтеруінің астарында не жатыр? Педофилдердің жан дүниесіне үңіліп жүрген маманға бірнеше сауалымызды қойған едік.

  • 14 Тамыз 2023
  • 13554
Фото - Caravan.kz

«Сот сараптамасынан ауытқушылығы бар екені анықталса, бізге келеді. Болмаса кәдуілгі түрмеге барады» деп түсіндірді психолог Ақмарал Шегентайқызы Caravan.kz медиа-порталы тілшісіне.

— Педофилдер қандай балаларды таңдайды?

Оларға түр, түс, сипаты бәрібір. Тіпті, жынысы да маңызды емес. Тек, әлі жететін кішкентай бала болса болды.

— Олардың мұндай сексуалдық құмарлығын қалай түсіндіруге болады?

Педофилдердің жасап жүрген әрекеті ол — дерт. Қандай да бір ауытқушылықтан болып тұрған әрекет. Мысалы, олардың мүшесі тұрмайды. Ал, кішкентай баланың қорыққанына, шыңғырғанына қарап оның мүшесі қозады. Содан ләззат алады. Тіпті, ол адамда ересек әйел адамдармен жыныстық қарым-қатынасқа түсуге қорқыныш болуы мүмкін. Маған кездескен педофилдердің көбі өздері де кезінде жәбір көрген болып шығады.

Менің профессорым айтушы еді: "Ауру тарихын, өмірбаянын оқып отырсаң "мұндай қылмысқа қалай бармай қалады?" деп ойлайсың", деп. Өкінішке орай Қазақстанның ахуалы да қылмыстың орын алуына жағдай жасап береді. Үй мәселесі, несие тағысын тағы. Күнкөріс қамын ойлап жүріп ұрпағымызға көңіл бөлуді мүлде ұмытамыз.

— Суицидке баратын педофилдер көп деген ақпарат рас па?

Психикалық ауытқу болған соң өмірлерінің соңын өзіне қол жұмсап аяқтап жатады. Бәрі емес, бірақ көбінде солай.

Олардың болашағында не күтіп тұр, қалай болады деген сауалға ешкім нақты жауап бере алмайды. Дәрігер де, мен де психолог ретінде. Өйткені ол ауру қай уақытта, қай жерде басталды. Ол оның құмарлығы ма , ауытқулығы ма оны дәлелдеу керек, Енді былай алсақ оның бәрі жазылмайды деп жазылған барлық әбиеттерде. Ол тек күш жігер мен өмірден бір мән құндылық тапса сонымен ғана басып отырады деген ұғым бар, болжау бар. Бірақ нақты дәлел жоқ. Бұл сұраққа нақтырақ психиаторлар жауап береді.

— «Педофилдерді түрме заңы бойынша өздерін зорлайды» деп жатады, қаншалықты рас?

Педофилдерді түрмеде күтіп алып, зорлайды деген әңгімені бәріңіз естіген шығарсыздар. Мүмкін солай шығар. Біз қазір медициналық мекеме ретінде жұмыс істейміз. Әйтпесе, бұрын коллония болып тұрған уақытында бізде де сондай "жүйе" болыпты.

— Педофилдерді қалай тануға болады?

Педофилдер өте сыпайы, қалыпты тіршілік кешіп жүрген адамдардың арасынан да шығады. Бізге Н есімді азамат екі рет келіп түсті. Отбасылы адам. Әйелі мен бала-шағасы бар. Өзінің балаларына тиіспейтін көрінеді. Таныстары оның өте ашық-жарқын, жақсы жігіт екенін айтып, педофилияға барғанына сене алмады. Дегенімен, мұндай адамдар өз отбасына, жақындарына қанша жерден жақсы болып көрінгенімен білдірмей, байқатпай өз әрекеттерін жасауы әбден мүмкін. Баламен ойнап отырғанда "абайсыз" жыныс мүшесіне қолы тиіп кетіп дегендей.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Атышулы адам жегіш Николай Жұмағалиев жуырда бостандыққа шыға ма? Маньяктармен 14 жыл жұмыс істеген психолог жауап берді