Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Опера әншісі өз ойын желідегі парақшасында қалдырды.
«Менің жазған жазбам қоғамда осындай дүрбелең тудырады деп ойламаппын. 150,000 адам көріп, 700 ден аса мақтап даттап жазған комментарлар. Халық айтса қалып айтпайды деген. Сіздердің тілектеріңіз баталарыңыздың арқасында тәуір болып қалдым. Жақсы сөз жарым ырыс. Мені жігерлендіріп ынталандырып жібердіңіздер! Жалғыз емес екенмін арқамда дүйім халық тұрғанын нағыз халық әншісі екенімді сезіндім. РАҚМЕТ баршаңызға!!!
Қорқпайсыз ба абай болыңызшы сақ болыңыз дейді жаны ашып жатқан жақсыларым. Шегірткеден қорыққан егін екпес дейді. Егер өнер үшін театр үшін біздің жанымыз ашымаса, өнермен қатысы жоқ адамдардың жаны ешқашан ауырмайды. Оларға бәрібір. Көріп келеміз. Аман болайық!», — деп жазды опера әншісі.