Үш аттап секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Цюрихтегі "Гауһар лигада" жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті — 14,55 метр. Екінші орынды Венесуэла атлеті Юлимар Рохаз алды — 14, 52 метр. Үшінші орында Колумбия өкілі — Катерина Ибаргуэн(14,48)
Еске салайық, отандасымыз Лондонда жеңіл атлетикадан тамыз айында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық сол кезде 14,77 метрге секіріп, маусымдағы үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын.